Алматы орталығындағы жаңа экологиялық өлшеу станциясы
Станцияның жобаға қатысуы 11 қыркүйекте аймақ операторы — «Алматы Паркинг» компаниясымен жасалған шарт арқылы рәсімделді. 2026 жылғы 12 қыркүйекте «Техосмотр Азия» мамандары жоба аясындағы көліктерді зерттеп-қарауды және пайдаланылған газ көрсеткіштерін тексеруді бастады.
Станцияның басты артықшылықтарының бірі — қаланың орталығында, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 117 мекенжайында ыңғайлы орналасуы. Жүргізушілерге экологиялық өлшеуден өту, көліктің нақты көрсеткіштерін білу және қолданылатын нормативтер туралы түсініктеме алу үшін қала шетіне барудың қажеті жоқ.
Жаңа аккредиттелген станцияның қосылуы Алматы тұрғындары үшін экологиялық зерттеп-қарауды қолжетімді етеді. Станцияда бензинді және дизельді көліктерді тексеріп, өлшеу нәтижелері туралы түсінікті ақпарат алуға болады.
Станцияның байланыс деректері, жұмыс уақыты, қызмет құны және бағыттары LEZ.kz сайтында жарияланған.