Көліктерге қатысты ережелер

Қағидалар Алматы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 272 шешімімен бекітілген. 53–54-тармақтар LEZ аймағына кіруді шығарындылардың расталған сәйкестігімен және экологиялық сыныппен байланыстырады. 61–76-тармақтар зерттеп-қарауды, нәтижені рәсімдеуді және оның жарамдылық мерзімін реттейді.

Талаптар қашан қолданылады

Шешімнің 2-тармағы ережелерді қолданысқа енгізудің әртүрлі мерзімдерін белгілейді. Атап айтқанда, 40, 53 және 75-тармақтар үшін алғашқы ресми жарияланғаннан кейін бір күнтізбелік жыл көзделген. LEZ операторы оң нәтиже бойынша кірудің басталу күнін 2027 жылғы 8 қаңтар деп көрсетеді. Шешім қабылданған күн барлық шектеудің басталу күні емес.

Қандай көлік санаттары қамтылған

Қағидалардың 74-тармағы Алматыда пайдаланылатын M1 жеңіл автомобильдерін, M2 және M3 автобустарын, N1, N2 және N3 жүк автомобильдерін, L санатындағы мотоциклдерді қамтиды. Өлшеу түрі қозғалтқышқа байланысты: бензин мен газ үшін уыттылық, дизель үшін түтіндік өлшенеді.

Нәтиженің жарамдылық мерзімі

Техникалық зерттеп-қарау нәтижесі тексеру жүргізілген күннен бастап 12 күнтізбелік ай бойы жарамды (Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының 76-тармағы). Бұл мерзім шығарындыларды зерттеп-қарауға қатысты; міндетті техникалық қарап-тексерудің мерзімділігі бөлек белгіленеді.

Нәтиже қалай рәсімделеді

Зерттеп-қарау қорытындысы бойынша электрондық хаттама жасалады. Мәліметтер электрондық журналға енгізіліп, мамандандырылған жүйеде кемінде үш жыл сақталады (Қағидалардың 75-тармағы). Көлік деректерін, күнін, өлшенген көрсеткіштерді және қорытындыны тексеріңіз. Хаттаманың көшірмесін немесе үзіндісін алу тәсілін станция хабарлайды.

Дереккөздер мен құжаттар

Құжаттардың түпнұсқалары: орыс / қазақ тілдерінде.